
Семинар Алматы қаласы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі, Алматы қаласы әкімінің кеңесшісі Ахетов Мамай Қаниұлы қатысуымен ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында мемлекеттік қызметшілердің қоғамдық орындарда алкогольдік, есірткілік және уытқұмарлық масаң күйде болуына жол бермеу және осындай жағдайлардың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын және прекурсорларды медициналық емес мақсатта тұтынудың зияны, көлік құралын масаң күйде басқарудың салдары мен заңды жауапкершілігі туралы жан-жақты ақпарат берілді.
Спикерлер бұл мәселелердің мемлекеттік қызметшінің беделіне тигізетін кері әсерін атап өтіп, заң бұзушылықтардың әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін ерекше атап өтті. Мемлекеттік қызметшілер өз кезегінде тақырып аясында сұрақтар қойып, нақты жауаптар алды.
Осындай іс-шаралар мемлекеттік қызметшілер арасында заң талаптарын сақтау мәдениетін қалыптастырып, олардың жоғары моральдық-әдептік бейнесін нығайтуға ықпал етеді.