
ӨНЕР ОРДАСЫНА 90 ЖЫЛ
Медеу ауданында орналасқан қазақ өнерінің киелі қара шаңырағы, Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясы 90 жылдық мерейтойын атап өтті.
1935 жылдың 14 қаңтарында құрылған филармония 1938 жылы жыр алыбы Жамбылдың есімін иеленді. 2023 жылы академиялық мәртебеге ие болып, биік шығармашылық деңгейін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Ұлттық өнеріміздің алтын бесігі болған бұл шаңырақта Дина Нұрпейісова, Әміре Қашаубаев, Күләш Байсейітова, Роза Бағланова, Бибігүл Төлегенова сияқты аңыз тұлғалар еңбек етті. Бүгінде Т.Әбдірашев атындағы симфониялық оркестр, Н.Тілендиев атындағы «Отырар сазы» оркестрі, Мемлекеттік хор капелласы және басқа да ұжымдар халқымыздың рухын асқақтатып, әлемге танылуда.
Қара шаңырақтың 90 жылдық тарихы – ұлттық өнердің ұлы шежіресі. Жыр мен сазды кие тұтқан өнер ордасының мерейтойы құтты болсын!
_________
90 ЛЕТ КОЛЫБЕЛИ ИСКУССТВА
Свой 90-летний юбилей отмечает колыбели искусства – Казахская государственная академическая филармония имени Жамбыла, расположенная в Медеуском районе.
Основанная 14 января 1935 года, филармония в 1938 году получила имя великого Жамбыла Жабаева. В 2023 году ей был присвоен академический статус, что вновь подтвердило её высокий уровень.
Этот дом искусства стал колыбелью для легендарных личностей: Дины Нурпеисовой, Амира Кашаубаева, Куляш Байсеитовой, Розы Баглановой, Бибигуль Тулегеновой и многих других. Сегодня такие коллективы, как Государственный симфонический оркестр имени Т. Абдрашева, фольклорно-этнографический оркестр «Отырар сазы» имени Н. Тлендиева, Государственная хоровая капелла и другие продолжают прославлять казахскую культуру по всему миру.
90-летняя история филармонии – это величественная летопись национального искусства. Пусть юбилей этого дома музыки станет праздником для всех нас!