ҚР Президентінің 2020 жылғы 12 ақпандағы Жарлығына сәйкес азаматтарды жедел күзгі әскери қызметке шақыру басталды

ҚР Президентінің 2020 жылғы 12 ақпандағы Жарлығына сәйкес азаматтарды жедел күзгі әскери қызметке шақыру басталды

ҚР Президентінің 2020 жылғы 12 ақпандағы Жарлығына сәйкес азаматтарды жедел күзгі әскери қызметке шақыру басталды. Осыған орай, 9 қазан күні 2020 жылғы қыркүйек-желтоқсан кезеңіндегі азаматтарды әскери қызметке шақыруға байланысты комиссияның отырысы өтті.

Күн тәртібінде аудан аумағында тұратын әскерге шақырылушылардың мекен-жайлары бойынша жедел әскери қызметке шақырудан жалтарған азаматтарды іздестіру мәселелері қаралды. Осылайша, 10 қазанда жергілікті өзін-өзі басқару комитеттерімен, учаскелік инспекторлармен және Медеу ауданының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп, жалтарып жүрген әскерге шақырылушыларды қорғаныс істері жөніндегі басқармаларға жеткізуді қамтамасыз ету бойынша аулаларды аралау шаралары жүргізілді.

Жалпы, ауданда 18-27 жас аралығындағы 1500-ге жуық жастарды әскерге шақыру жоспарлануда.