Аудан әкімдігі қызметкерлерімен Меңдіқұлов пен Әл Фараби көшелерінің қиылысында 100-ден аса ағаш отырғызып, өз үлесімізді қостық десек болады.

Аудан әкімдігі қызметкерлерімен Меңдіқұлов пен Әл Фараби көшелерінің қиылысында 100-ден аса ағаш отырғызып, өз үлесімізді қостық десек болады.

«Бір жылдығын ойлаған халық бидай егеді, Жүз жылдығын ойлаған халық ағаш егеді, Мың жылдығын ойлаған халық саналы ұрпақ тәрбиелейді», деп айтады дана қазақ халқы. Өткен жылы қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың бастамасымен «Jasyl Almaty» көгалдандыру науқанының басталғаны белгілі. Оның аясында 1 млн. ағаш отырғызу міндеті қойылған болатын.

Бүгін аудан әкімдігі қызметкерлерімен Меңдіқұлов пен Әл Фараби көшелерінің қиылысында 100-ден аса ағаш отырғызып, өз үлесімізді қостық десек болады. Оның арасында талшын, талжапырақты тобылғы, тал-шілік сияқты түрлері бар. Айта кетсек, қаламыздың ең жасыл аймағы саналатын Медеу ауданында бүгінгі күні шамамен 500 мыңға жуық жасыл желектер бар. Иә, әрбір ағаш қандай да бір тіршілік иесінің пайдасына асса, бір құс ұя салып, жемістерін жесе, бір адам көлеңкесін саялап, кәдесіне жаратса, осының өзі үлкен сауапты іс. Ағаштың экологиялық мәселені, топырақты бекітуде де маңызы зор екендігі баршамызға аян. Экологияны жақсартып, қаланың микроклиматын қалыптастыруға әсер етеді. Сүйікті қаламызды ажарландыруға өз үлесімізді қосайық.