«Дәмді Алма-Ата» фестивалі бойынша түсініктеме

«Дәмді Алма-Ата» фестивалі бойынша түсініктеме

Алматы қалалық Мәдениет басқармасының мемлекеттік сатып алу жоспарында 2020 жылға арналған мерекелік іс-шаралар, фестивальдер, концерттер, тұсаукесерлер және басқа да көпшілік іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу қарастырылған. Жоспарға сәйкес осы қызметтерді сатып алу бойынша ашық конкурстар туралы хабарландырулар жарияланды. «Дәмді Алма-Ата» іс-шарасын ұйымдастыру және өткізу»  қызметі Мемлекеттік сатып алулар жоспарына 2020 жылдың қаңтар айында енгізілді.   Сондай-ақ, хабарландырулар елде төтенше жағдай енгізілгенге дейін жарияланды, бірақ мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің ұзақтығына байланысты бұл қызметті сәуір айында сатып алу аяқталды. Қазіргі уақытта мемлекет басшысының короновирустық инфекцияның таралуына байланысты көпшілік шараларды болдырмау туралы бұйрығына байланысты іс-шараны мамыр айында өткізуге шектеу қойылды. Сондықтан «Дәмді Алма-Ата» іс-шарасының жоспарланған мерзімі 2020 жылдың қыркүйегіне ауыстырылды. Сонымен қатар, әртүрлі көлемдегі 12 шараны өткізуден бас тартылды; 14 іс-шара 2020 жылдың күзіне ауыстырылды.
Күзге жоспарланған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу бойынша қызметтерді мемлекеттік сатып алу рәсімдері елдегі төтенше жағдай аяқталғаннан кейін және көпшілік іс-шаралар өткізуге рұқсат алғаннан кейін жүзеге асырылатын болады. 
Алматы қаласының әкімі Б.Сағынтаевтың өкімімен 1 шілдеге дейін Алматыда коронавирустың таралуын болдырмау мақсатында көпшілік іс-шаралар өткізілмейді.