Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері Алматы қаласының Мемлекеттік архивін аралады

Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері Алматы қаласының Мемлекеттік архивін аралады

2021 жылдың маусым айының 29 - шы жұлдызында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің төрағасы Борашев Қуат Қахарманұлы, Алматы қаласының Мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Алиев Данияр Абзалиденұлы жұмыс сапарымен Алматы қаласының Мемлекеттік архивіне келді.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Гос. архив города Алматы (@ga.almaty)

Архив ісінің дамуы мен оның болашағы бойынша пікір алмасып, тәжірибе алмасу мақсатында кітапхана, оқу залымен, заманауи жабдықталған архив қоймаларын, экспозициялық залдарды аралап, жеке қор құрушылардың, соның ішінде актриса, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Елебекова Хабиба Қарақбайқызының, ақын, Қазақстанның халық жазушысы Мұзафар Әлімбаевтың суреттік құжаттар көрмесімен, әуесқой суретшілер Михаил Сорокоумов, Алим Хакимович Хайдаров, мүсінші Павел Иванович Шороховтың жұмыстарымен және Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген артисі Мадина Есмалайқызы Ералиеваға арналған «Шыңдағы шынарым-ай» атты музей көрмесімен танысты.

Қуат Қахарманұлы мен Данир Абзалиденұлы архив қызметкерлерімен кездесіп, жұмыстарына сәттілік, денсаулық, шығармашылық табыс тіледі!