ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Мейірхан Сәйдіұлы Адамбековтің домбырасын қабылдау рәсімі

ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Мейірхан Сәйдіұлы Адамбековтің  домбырасын қабылдау рәсімі

3 шілдеде сағат 15:00-де Мультимедиалық дәстүрлі музыка орталығында ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Мейірхан Сәйдіұлы Адамбековтің  домбырасын қабылдау рәсімі өткізіледі.

Елбасы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласында «Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс. Абайдың даналығы, Әуезовтың ғұламалығы, Жамбылдың жырлары мен Құрманғазының күйлері, ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар үні – бұлар біздің рухани мәдениетіміздің бір парасы ғана» - деп атап көрсеткен. Осының аясында, Арқа дәстүрлі музыка мектебіне үлесін қосқан  ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Мейірхан Сәйдіұлы Адамбековтің домбырасы ресми түрде музейге қабылданады.

Мейірхан Сәйдіұлы Адамбеков – 1958 жылы 1 шілдеде Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Томар ауылында дүниеге келген.  Әнші, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері.  Алматы эстрада-цирк студиясын тәмамдаған. Қ.Байжанов атындағы концерт бірлестігінің әншісі, Тәттімбет атындағы өнер колледжінде халық әндері бөлімінің меңгерушісінің қызметін атқарған.                 

                                           Кеш қонақтары:

ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Тәттімбет атындағы өнер колледжінің ұстазы, өнердегі және өмірдегі досы - Кемалов Жақсыкелді Кемалұлы

ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Қарағанды облысы әкімінің мәдениет жөніндегі кеңесшісі, Қарағанды қаласының құрметті азаматы - Омарбекова Рымбала Кенжебалақызы

ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің басшысы- Ыдырысов Талғат Нүсіпұлы

Нағашы ағасы, демеушісі - Қонақбаев Құрмаш Желбайұлы

Адамбеков Алданыш Мейірханұлы - баласы Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік    кірістер департаментінің басқарама басшысы

Еркін Шүкіманов - ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Құрманғазы Қазақ Ұлттық консерваториясының доценті.

Ардақ Исатаева - ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Құрманғазы Қазақ Ұлттық консерваториясының доценті.

Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының Халық әні кафедрасының меңгерушісі - Амангелді Күзеубай

Мекен-жайымыз: Алматы қ, Нұркент 5/11

Анықтама телефондары: 8 (727) 393-40-18; +7 747 102 42 67.

E-mail: muzykaortalygy@mail.ru

Facebook: Мультимедийный центр традиционной музыки

Instagram: multimedia_center