Алматы қаласы Мәдениет басқармасына қарасты «Алатау» дәстүрлі өнер театрының директоры тағайындалды

Алматы қаласы Мәдениет басқармасына қарасты «Алатау» дәстүрлі өнер театрының директоры тағайындалды

Алматы қаласы Мәдениет басқармасының басшысы Ғани Майлибаевтың өкімімен «Алатау» дәстүрлі өнер театрының директоры қызметіне  Ринат Рифхатұлы Зайытов тағайындалды.

Ринат Зайытов 1983 жылы 14 қарашада Шығыс Қазақстан облысы Аягөз қаласында туған.

М.Төлебаев атындағы музыкалық колледжін «Драмалық театр актері» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Семей Мемлекеттік педагогикалық университетінде филолог мамандығы бойынша білім алған.

Еңбек жолын Семей қаласының жергілікті каналындағы «ТТТ» әзіл-сықақ бағдарламасынан бастады.

«Тазша бала» атты жас сықақшылар республикалық конкурсының жеңімпазы (2001 жыл).

Бірнеше респбуликалық және халықаралық айтыс додаларының жеңімпазы, жүлдегері. 

Аягөз ауданының «Құрметті азаматы»,  «Астана қаласының дамуына қосқан үлесі үшін» медалінің иегері.