Меню
Страницы
Деятельность
Контакты
Об управлении
Пресс-центр
Документы
gov@nitec.kz

Тұңғыш Президент күніне арналған мәдени іс-шаралар аңдатпасы

Тұңғыш Президент күніне арналған мәдени іс-шаралар аңдатпасы

Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күнін мерекелеу шеңберіндегі Мәдени іс-шаралар онлайн режимде де, дәстүрлі форматта да өткізілетін болады.

1 желтоқсан күні Алматы қаласы музейлер бірлестігінде: Алматы музейі, Ықылас атындағы халық аспаптар музейі, С. Мұқанов пен Ғ. Мүсіреповтың әдеби-мемориалды музей кешені, Д.А. Қонаев музейі, Мультимедиялық музыка орталығында ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай онлайн және оффлайн форматта шаралар қатары өтеді деп жоспарлануда. «Еліміздің Тұңғыш Президенті», «Музейдегі Елбасы жолы», «Ел тірегі – Елбасы», «Тұлға тағылымы», «Елбасы және Тәуелсіздік жетістіктері»  тақырыптарында көрмелер өтеді. Көрмеде Елбасының фотосуреттері, архивтік құжаттар қойылып, мультимедиялық тақталардан, киоскілерден ақпараттар көрсетіледі.

Алматы музейінің «Елбасы және Алматы» залында «Еліміздің Тұңғыш Президенті» тақырыбында көрме өтеді. Көрмеде музей қорындағы Елбасының фотосуреттері, архивтік құжаттар қойылып, мультимедиялық тақталардан, киоскілерден ақпараттар көрсетіледі. Келген қонақтарға музей экскурсоводтары тарапынан экскурсиялар ұйымдастырылады.

Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінің әлеуметтік желілерінде ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай «Музейдегі Елбасы жолы» атты онлайн-фотокөрме жарияланады. Көрмеде ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейіне келген кезінде түсірілген сирек архивтік фотосуреттері оқырман назарына ұсынылады.

Мультимедиялық дәстүрлі музыка орталығында «Ел тірегі – Елбасы» атты онлайн музейлік сағат өтеді. Онлайн музейлік сағатта ҚР Тұңғыш Президенті Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың саяси-экономикалық өрлеу жолындағы Тәуелсіз Қазақстанның дүниежүзілік аренадағы ролін көрсету және жас ұрпаққа насихаттау жоспарланған.

С. Мұқанов пен Ғ. Мүсіреповтың әдеби-мемориалдық музей кешенінде Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың  тұлға ретінде тарихтан алатын орны, Халыққа арналған жолдаулары, ірі саясаткердің Тәуелсіздік жылдарындағы ерен еңбектері мен шығармашылығын паш ету мақсатында «Тұлға тағылымы» атты онлайн-көрме ұйымдастырылады.

 Д.А. Қонаев музейінде 1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай, «Елбасы және Тәуелсіздік жетістіктері» тақырыбында онлайн фото-көрме өтеді. Көрме барысында музей қорындағы  Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Тәуелсіздік жолындағы еңбегін сипаттайтын фотосуреттер, құжаттар мен кітаптар қойылады.

Көрмелерден бөлек, 1 желтоқсанда Мемлекеттік қуыршақ театрында «Arasha» ұйымының тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған отбасылар үшін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күніне орай режиссер Ю.Уткиннің «Алтын адам» спектаклінің қайырымдылық көрсетілімі жоспарлануда. Ертегі 1970-ші жылдардың басында Есік қорғанынан табылған сақтар тайпасының батыры - Алтын адамға арналған. Спектакльдің басталу уақыты сағат 14.00.

Сондай-ақ Алматы қаласының тұрғындарына Almaty ayenderi Youtube арнасында Алматы қаласы әкімінің концерттік оркестрінің мерекелік концерті ұсынылады, ал Alatau Theater арнасында «Алатау» фольклорлық-этнографиялық ансамблі, қазақ композиторы Алтынбек Қоразбаев, сондай-ақ «Алтын домбыраның» иегері Р.Қайыртайұлы қатысқан "Елін сүйген Елбасы" атты концертті тамашалауға болады.

Алматы қаласының кітапханаларында оқырмандарға «Елбасы – кемеңгер көшбасшы», «1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні», «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» сияқты тақырыптық кітап көрмелері ұсынылған.

Сондай-ақ, Қазақ мемлекеттік циркі Тұңғыш Президент күнін мерекелеу аясында әртістердің қатысуымен Қазақ мемлекеттік циркінің Левадасында мүмкіндігі шектеулі балаларға, аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға атқа міну қайырымдылық шарасын ұйымдастырды.

Айта кету керек, офлайн режиміндегі іс-шаралар барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып, қаланың бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес жүргізілетін болады.

Дата публикации
01 декабря 2020
Направления деятельности
Библиотеки
Музеи
Цирк
Театры
Популярные новости
Социальные медиа
Меню подвал
Сайт Президента РК
Цели устойчивого развития
Открытое Правительство
Законодательство
Государственные символы РК
Послания Президента РК
Сайт Парламента РК
Сайт Первого Президента РК – Елбасы
Сайт Премьер-Министра РК
Структура Правительства РК