«Жаңа ғасыр» театры жаңа 3-ші маусымын ашады

«Жаңа ғасыр» театры жаңа 3-ші маусымын ашады

Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Ж.Бекшиннің қаулысына сәйкес театрлардың қызметіне барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып рұқсат берілді. Осыған байланысты «Жаңа ғасыр» театры жаңа 3 маусымын ашады.

Спектакльдер 11-16 қараша аралығында өтеді. Үшінші маусымда қала тұрғындарын не күтеді?!

Режиссер А.Әшімовтың М. Әуезовтің «Қарагөз» спектаклінде қазақ дәстүрлерін сақтау, үлкендерге құрмет көрсету, жеті ұрпақ пен қазақ қыздарының мәселесі сияқты тақырыптар қозғалады.

Басты рөлдерде Мақпал Қасенова, Қуаныш Құдайберген, Абылай Тұяқбаев, Роза Әбішева, Балнұр Әбдіғалиева, Әйгерім Шахизат, Нұрсұлтан Әбдуәлиев, Нұрбек Ақбаев, Нұрлан Бақытжан және театрдың басқа да әртістері ойнайды.

Режиссер Т.Елдардың «Соңғы қоңырау/Последний қоңырау» спектаклі көрермендерге мектептегі жылдарын еске түсіруге көмектеседі. Көрермендер мектеп кездері, сыныптастар арасындағы достық, жауапсыз махаббат және басқа да эмоциялар көрінісін 12-15 қараша аралығында тамашалай алады.

Басты рөлдерде Елдар Ташкенбай, Мәдина Оспан, Қасым Демеу, Жолдасбек Мәди, Балнұр Әбдіғалиева, Нұрлан Бақытжан, Тұяқбай Абылай, Нұрсұлтан Әбдуәлі, Нұрбек Ақбаев және театрдың барлық труппасы.

Режиссер Саламат Өтешевтің И.Миччидің «Король лев» спектаклі «Дисней» анимациялық фильмінен қазақ тіліне аударылды. «Король лев» бүкіл әлемде танымал және сүйікті туындысына айналғаны бәріне мәлім. Енді театрымыздың әртістерінің арқасында Алматы қаласының кішкентай көрермендері өз ана тілінде спектакльді тамашалай алады.

Басты рөлдерде Мұхтар Қосыбай, Балнұр Әбдіғалиева, Айдын Беріков, Қасым Демеу, Қуаныш Құдайберген, Мақпал Қасенова, Бердәулет Саяхат, Мәдина Оспан, Абылай Тұяқбай, Қанат Бисенов, Жеңіс Қаламбаев, Нұрсұлтан Әбдуәлі және театр труппасы бар.

Театр қойылымдары 11-16 қараша аралығында күнделікті сағат 18.30-да Республика сарайында өтеді. 

Санитарлық нормаларды сақтау мақсатында залдағы көрермендер саны 50 адам шегінде шектеледі, сондай-ақ қашықтық және бетперде режимін сақтау қатаң жүргізілетін болады.