
Мәдениет пен өнер саласында айтулы оқиға болды. «Жаңа ғасыр» театрына қазақ театр және кино өнерінің абызы, КСРО және Қазақстанның халық артисі, Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімұлының есімі ресми түрде берілді. Бұдан былай өнер ордасы «Асанәлі Әшімов театры» деп аталады.
Бұл бастама ұлттық мәдениеттің дамуына өлшеусіз үлес қосқан тұлғаның шығармашылық мұрасын ұлықтау және өскелең ұрпаққа рухани құндылықтарды насихаттау мақсатында жүзеге асырылды. Асанәлі Әшімовтың сахна мен экрандағы қолтаңбасы, жоғары кәсіби шеберлігі мен ұстаздық жолы қазақ өнерінің алтын қорына енген.
Театр ұжымы жаңа атау үлкен жауапкершілік пен жаңа белестің бастауы екеніне тоқталды. Осыған орай, театрдың жаңа брендингін қалыптастыру мақсатында «Үздік логотип» байқауы жарияланды.
«Үздік логотип» байқауы
Байқаудың мақсаты – театрдың бірегей стилін айқындайтын, заманауи әрі есте қаларлық логотипті анықтау. Ұйымдастырушылар креативті ойлайтын, тың идея ұсынуға дайын барша жанды байқауға шақырады.
Шарттары:
- Логотип авторлық және бірегей болуға тиіс;
- Асанәлі Әшімовтың арнайы қолтаңбасы болуы керек;
- Мекеме қызметін толық бейнелеуі қажет;
- Жұмыс сапалы форматта (PNG, JPEG, PDF) қабылданады;
- Бір қатысушы бірнеше жұмыс ұсына алады.
Материалдар байқау жарияланған күннен бастап 1 мамырға дейін қабылданады.
WhatsApp: +7 701 712 2087
Email: press@almaty-ayenderi.kz
Байқау жеңімпазы 100 000 теңге көлеміндегі ақшалай сыйақымен марапатталады.
Алдағы уақытта «Асанәлі Әшімов театры» дәстүр мен жаңашылдықты ұштастыра отырып, көрерменге сапалы әрі заманауи қойылымдар ұсынуды жоспарлап отыр. Бұл бастамалар театрдың шығармашылық әлеуетін арттырып, ұлттық мәдениеттің жаңа кезеңіне жол ашады.
Байланыс номері: +7 775-025-25-63
Электронды пошта: ashimov_theatre@mail.ru