Мүгедектігі бар тұлғаларды әлеуметтік қорғау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы

Мүгедектігі бар тұлғаларды әлеуметтік қорғау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы

Біздің қаламызда 134 мәдениет нысаны жұмыс істейді, олардың арасында Алматы қаласының мәдениет басқармасына қарасты 8 мекеме бар, олар: «Мемлекеттік қуыршақ театры» «Алатау» дәстүрлі өнер театры», «Қазақ мемлекетік цирк», «Алматы қаласының Орталық қалалық архиві», «Алматы қаласы мұражайларының бірлестігі», «Алматы қаласының Орталықтандырылған кітапхана жүйесі», «Алматы хайуанаттар бағы».

«Алматы қаласы мұражайларының бірлестігінің» құрамына 7 мұражай кіреді, олар: Алматы мұражайы, Ықлас ат. Халық музыкалық аспаптар мұражайы, Ғ. Мүсрепов пен С. Мұқановтың әдеби-мемориалдық мұражай кешені, Д.А. Қонаев мұражайы, Н. Тлендиевтің мұражайы, Мультимедиялық дәстүрлі музыка орталығы, Райымбек батырдың мемориалдық мұражай кешені.

«Алматы қаласының Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің» құрамына 25 филиал-кітапхана кіреді.

Кітапханаларды модернизациялау аясында №15, 20, 24, 32, 33 кітапханаларда, А. Чехов ат. Орталық қалалық кітапханада, Қазақстан жазушыларының кітапханасында, И. Крылов ат. Қалалық балалар кітапханасында, № 1, 4, 6, 26, 29, 30, 44 филиалдарда қызмет көрсету жағдайлары жақсартылып, кәзіргі заманға сай жағдайлар жасалды.

Әлеуметтік бағыттағы нысандарды дамыту мақсатында, 10 қалалық филиал-кітапхананы модернизациялау бойынша жұмыстар басталды, олардың ішінде: Алатау ауданында - 1, Әуезов ауданында - 1, Медеу ауданында - 1, Алмалы ауданында - 2, Бостандық ауданында - 2, Түрксіб ауданында - 3. Жалпы, 2021 жылдың соңына дейін Алматы қаласының Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің барлық 25 филиалын жаңартуды аяқтау жоспарланып отыр. Сонымен қатар, Түрксіб, Наурызбай, Алатау аудандарында 10 жаңа кітапхана ашу жоспарлануда.

Өздеріңіз білетіндей, 2020 жылдың 16 наурызынан бастап елімізде жарияланған карантинге байланысты, мәдени шараларды өткізуге тыйым салынып, мәдениет мекемелерінің жұмысы жаңа онлайн форматқа көшірілді. 172 онлайн-іс-шаралар өткізілді, 1 080 000 қаралым өткізілді (шығармашылық шеберханалар, заманауи өнер мектебі, «Мәдени мұра арқылы жеке тұлғаны дамыту» курсы, вокал, фортепиано, гитара, домбыра сабақтары, онлайн-концерттер, «Үйдегі таланттар» онлайн байқауы және т.б.). Онлайн іс-шаралар - almatycreative.kz сайтында, YouTube каналындағы - Almaty Creative, сондай-ақ Instagram-да - @ almaty.creative аккаунтында ағымдағы жылдың 28 наурызынан бастап көрсетіле басталды.

Басқарма мен ведомстволық бағыныстағы кәсіпорындар мен мекемелердің мәліметтерін ескере отырып, барлығы 3743 онлайн-іс-шаралар өткізілді, олар 5 094 968 рет қаралды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасатын болады.

Мүмкіндігі шектеулі жандарға, «Алматы қаласының Мәдениет басқармасы» КММ-нің «Қазақ мемлекеттік циркі» КМҚК, «Мемлекеттік қуыршақ театры» КМҚК, «Алматы қаласының Орталық мемлекеттік мұрағаты» КММ, «Алатау дәстүрлі өнер театры» КМҚК, «Алматы қаласы мұражайларының бірлестігі» КМҚК тәрізді ведомстволық бағынысты мекемелері - кірме жолдармен, пандустармен, автотұрақтармен, мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған қондырғылармен жабдықталған.

Бірлестіктің барлық мұражайларының кіру тобының алдында зағип келушілерге бағдар беру үшін тактильді белгілер мен дыбыстық маяк пен мүгедектерге арналған пандус орнатылған.

Зағиптар мен нашар көретін жандар үшін Алматы мұражайының экспозициясын шолуға арналған рельефтік-графикалық элементтер мен Брайль шрифтімен жазылған жазуларды бағдарлайтын мнемикалық схемалар орнатылған. Орыс және қазақ тілдеріндегі аудиогидтер ұйымдастырылған.

Қазіргі уақытта ведомстволық бағынысты кәсіпорындарда мүгедектерге билеттер тегін беріледі..

Алматы қаласының Мәдениет басқармасы төрт мемлекеттік қызмет түрін ұсынады:

- мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәліктер беру;

- мемориалдық тақталарды орнатуға рұқсат беру;

- мұрағаттық анықтамалар беру.

- сонымен қатар біздің қызметімізге көркемөнерпаздар үйірмелеріне «Халықтық» (үлгілі) атағын беруі бойынша жаңа мемлекеттік қызмет қосылды.

Ережелермен almatymadeniet.kz веб-сайтында таныса аласыздар, сонымен қатар сұрақтар қойып, мүгедектерге жағдайды жақсарту бойынша өз ұсыныстарыңызды қалдыра аласыздар.

«Алматы қаласы мұражайларының бірлестігі» КМҚК - барлық топтағы мүгедектерге, көп балалы және аз қамтылған отбасылардың балаларына қаланың мұражайларына кіру тегін.

«Мемлекеттік қуыршақ театры» КМҚК – театрға кіру тегін.

«Алматы әуендері» КМҚК – сапарлық концерттерді ұйымдастырады, тегін.

«Алатау» дәстүрлі өнер театры» КМҚК - барлық топтағы мүгедектерге концерттер мен фильмдер тегін ұсынылады.

«Қазақ мемлекеттік циркі» КМҚК - ұжымдардың, қоғамдық қорлардың өтініші бойынша цирк өзінің стационарлық мекемесіндегі барлық санаттағы мүмкіндігі шектеулі көрермендерді қайырымдылық шоуларына ақысыз қабылдайды. І және ІІ санаттар үшін. және 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға ақысыз, ал мүгедектерге IIІ гр. жеңілдіктер билет бағасының 50 пайызы мөлшерінде беріледі.

«Алматы хайуанаттар бағы» КМҚК - растайтын құжатты көрсеткен кезде барлық санаттағы мүгедектерге ақысыз кіру ұсынылады.

«Алматы қаласының Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ - ОКЖ-нің барлық 25 филиал-кітапханасында оқырмандар үшін барлық қызметтер тегін ұсынылады.