Лого
Меню
Страницы

Мен қазақ қыздарына қайран қалам

Мен қазақ қыздарына қайран қалам

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай «Мен қазақ қыздарына қайран қалам» атты көрме

2026 жылы 5 наурыз сағат 11:00-де Алматы музейінде 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай «Мен қазақ қыздарына қайран қалам» атты көрменің салтанатты ашылуы өтеді.

Көрме қазақ әйелдерінің ел тарихы, мәдениеті мен өнеріндегі айрықша орнына арналады. Экспозицияға Алматы музейі қорынан қазақ өнерінде дара із қалдырған тұлғалардың жеке заттары ұсынылады.

Көрме аясында ұлттық өнер мен сахна мәдениетінің дамуына зор үлес қосқан көрнекті қайраткерлердің шығармашылық мұрасы кеңінен таныстырылады. Атап айтқанда, қазақ өнерінің жарық жұлдыздары – Хадиша Бөкеева, Роза Бағланова, Бибігүл Төлегенова, Роза Джаманова, Мадина Ералиева және Сауле Жанпейісова сынды өнер майталмандарының жеке заттары, концерттік және сахналық костюмдері, архивтік фотосуреттері, құжаттары мен портреттері көпшілік назарына ұсынылады.

Көрме келушілерге әйел тұлғасының өнер мен мәдениет кеңістігіндегі маңызын тереңінен танытуға бағытталған. Көрме көпшілікке әйел тұлғасының өнер мен мәдениет кеңістігіндегі маңызын тереңінен танытуға бағытталған.

Көрменің салтанатты ашылуына Алматы қаласы Мәдениет басқармасы өкілдері, зиялы қауымдар, өнер қайраткерлері, БАҚ өкілдері және Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары қатысады.

Көрме 12 наурызға дейін жалғасады.

Өтетін орны мен уақыты: Алматы қ., Қабанбай батыр к., 132

5 наурыз, 2026 ж., 11.00-де.

Қосымша ақпарат: 8 708 820 6179, 267-59-05

Instagram: @almatymuseums

Социальные медиа
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты