«Алматыны аяла!» қалалық әуесқой өнер байқауы туралы ереже

І. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР:

1.1. Бұл Ереже «Алматыны аяла!» атты қалалық әуесқой өнер байқауының өткізу тәртібі мен қатысу шарттарын, мақсат-міндеттерін анықтайды (бұдан әрі – Байқау).

1.2. Байқау Алматы қаласында 50 жастан асқан азаматтардың шығармашылық белсенділігін қолдау, өнерге деген қызығушылығын арттыру және олардың өнерін кең аудиторияға таныту мақсатында өткізіледі. Байқау ән, күй, би бағыттары бойынша жеке орындаушылар мен шығармашылық ұжымдарға қатысуға және Алматы қаласының үлкен ашық аспан астындағы (open air) сахнасында өнер көрсетуге мүмкіндік береді.

1.3. Байқаудың тапсырыс берушісі – Алматы қаласының Мәдениет басқармасы (бұдан әрі – Тапсырыс беруші).

1.4. Байқау Алматы қаласының аумағында өткізіледі және келесі кезеңдерді қамтиды:

  • өтінімдер мен байқау материалдарын қабылдау;

  • байқау жұмыстарын сараптамалық бағалау;

  • жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтау;

  • жеңімпаздарды марапаттау рәсімі.

Байқау 2026 жылы Алматы қаласында Тапсырыс берушімен келісілген мерзімдерде өткізіледі.

Дата публикации
02 сентября 2026