«Аспан таулы Алматы!» республикалық бейнеконтент байқауын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі ереже

І. Жалпы ережелер

1.1. Бұл ереже Алматы қаласының туған күніне орай ұйымдастырылатын «Аспан таулы Алматы!» бейнеконтент байқауын (бұдан әрі – Байқау) өткізу және ұйымдастыру тәртібін реттейді.

1.2. Байқау Алматы қаласының туған күніне арналған мерекелік іс-шаралар аясында жүзеге асырылады.

1.3. Байқау Алматы қаласының әкімшілік аумағында өткізіледі.

1.4. Бұл Ереже Байқаудың мақсат-міндеттерін, қатысу шарттарын, ұйымдастыру және өткізу қағидаларын, конкурс жұмыстарын бағалау тәртібін айқындайды. Сондай-ақ ұйымдастырушылардың, қазылар алқасы мүшелерінің және қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін белгілейді.

 

Дата публикации
19 августа 2026