«Алматы – ән қанатында!» республикалық композиторлар байқауы туралы ереже

  1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1.1. Осы Ереже «Алматы – ән қанатында!» республикалық композиторлар байқауын (ары қарай Байқау) ұйымдастыру және өткізу тәртібін айқындайды.

1.2.Байқау дарынды композиторларды анықтау және қолдау,
сондай-ақ Алматы қаласына, оның тарихына, мәдениетіне, рухани мұрасына және қазіргі дамуына арналған шығармаларды жасау және насихаттау мақсатында өткізіледі
.

1.3. Ұсынылған поэзиялық шығармалардың негізінде біртума авторлық әуен жасау мақсатында, Тапсырыс беруші байқау қатысушыларына «Шабыт берген Алматы!» атты республикалық байқаудың поэзиялық шығармаларын ұсынады

1.4.Байқаудың тапсырыс берушісі – Алматы қаласы әкімдігінің Алматы қаласының Мәдениет басқармасы (Бұдан әрі – Тапсырыс беруші)

1.5.Байқау Қазақстан Республикасының аумағында өткізіледі, қорытындысы Алматы қаласында шығарылады және келесі кезеңдерді қамтиды

- өтінімдер мен байқау материалдарын қабылдау;

- байқау шығармаларын сараптамалық бағалау;

- жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтау;

- жеңімпаздарды марапаттау рәсімі.

Байқау 2026 жылы Алматы қаласында Тапсырыс берушімен келісілген мерзімде өткізіледі.

1.6. Осы Ереже Байқаудың мақсаттары мен міндеттерін, қатысу шарттарын, ұйымдастыру және өткізу тәртібін, байқау шығармаларына қойылатын талаптарды, оларды бағалау критерийлерін, сондай-ақ тапсырыс беруші, қазылар алқасы мүшелерінің және Байқау қатысушыларының құқықтары мен міндеттерін айқындайды

Дата публикации
14 августа 2026