Жалпы ережелер
1.1. Осы Ереже «Шабыт берген Алматы!» атты республика аясындағы поэзиялық шығармалар байқауын (бұдан әрі – Байқау) ұйымдастыру мен өткізу тәртібін белгілейді.
1.2. Байқау дарынды авторларды анықтау мен қолдауға, шығармашылықты дамытуға, сондай-ақ Алматы қаласының тарихына, мәдениетіне, рухани мұрасына, даму кезеңіне арналған шығармаларды қолдауға және оларды кеңінен насихаттауға бағытталған.
1.3. Байқауға тапсырыс беруші – Алматы қаласы Мәдениет басқармасы (бұдан әрі – Ұйымдастырушы).
1.4. Байқау Қазақстан Республикасы деңгейінде өткізіліп, қорытындысы Алматы қаласында шығарылады және мынадай кезеңдерді қамтиды:
өтінімдер мен байқау материалдарын қабылдау;
байқауға ұсынылған шығармаларға сараптамалық бағалау жүргізу;
жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтау;
жеңімпаздарды марапаттау рәсімін өткізу.
1.5. Осы Ереже Байқаудың мақсаттары мен міндеттерін, қатысу шарттарын, ұйымдастыру мен өткізу тәртібін, байқау шығармаларына қойылатын талаптарын, оларды бағалау өлшемдерін (критерийлерін), сондай-ақ Тапсырыс берушінің, қазылар алқасы мүшелерінің және Байқау қатысушыларының құқықтары мен міндеттерін айқындайды.