Алматы музейлері - ұлттың мәдени игілігін сақтаудың және оны болашақ ұрпаққа жеткізудің мемлекеттік жүйесінің ажырамас бөлігі. Мемлекеттің мәдени мұраны сақтау және пайдалану туралы қамқорлығы қоғамның сабақтастығын, тұрақты және жанжалсыз дамуын қамтамасыз етудің маңызды факторы болып табылады.
Қазіргі таңда «Алматы қаласы музейлер бірлестігі» КМҚК құрамында 7 музей бар: Алматы музейі, Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейі, Н. Тілендиев мемориалды музейі, С.Мұқанов пен Ғ. Мүсіреповтің әдеби-мемориалдық музей кешені, Райымбек батыр мемориалдық кешені, Мультимедиялық дәстүрлі музыка орталығы.
- "Алматы музейі" (2002 жылы құрылған) – Алматының ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі тарихын көрсетеді. Музейге ауданы 430 га "Боралдай сақ қорғандары" археологиялық паркі жатады.
- "Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейі" Кеңес заманында құрылған (1980 ж.) – халық музыкалық аспаптарының бірегей коллекциясын сақтап, музыкалық мәдениетті насихаттайды, белгісіз, ұмыт қалған шығармаларды, музыкалық атауларды іздеумен, ғылыми және мәдени қолданысқа енгізумен айналысады. 2012 жылы Мәдениет жылы аясында музейге ауқымды қайта құру жүргізілді.
- "Мультимедиялық дәстүрлі музыка орталығы" ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Алматы қаласының 1000 жылдығын мерекелеу аясында ашылды. Орталықтың экспозициясында қазақ өнерінің көрнекті қайраткерлерінің бірегей мемориалдық аспаптары қойылған.
- "С.Мұқанов пен Ғ. Мүсіреповтің әдеби-мемориалдық музей кешені" 1999 жылы С. Мұқанов (1978 ж. 21 қарашада ашылған) және Ғ. Мүсіреповтің (1987 ж. мамырда ашылған) жұмыс істеп тұрған екі музейінің негізінде құрылды.
- "Нұрғиса Тілендиевтің мемориалдық музейі" (2014 жылы құрылған) – белгілі қазақстандық композитордың мемориалдық пәтері, оның міндеттеріне – композитордың мемориалдық мұрасын сақтау, зерделеу, көпшілікке тарату және қазіргі заманғы музыкалық мәдениетті дамыту кіреді.
- Райымбек батыр музей кешені - 1981 жылы мәрмәр тастан жасалған ескерткіш орнатылды, ал 1991 жылы оған Райымбек даңғылы атауы берілді, 1994 жылы Райымбек тарихи-этнографиялық бірлестігінің бастамасымен үлкен кесене салынды. 2018 жылдан бастап бұл елді- мекен мемлекет қарамағына өтіп, Райымбек батыр музей кешені деп аталды.
Бірлестіктің мақсаты - халықтың эстетикалық қажеттіліктерін қанағаттандыру, оның рухани мәдениетін дамыту мақсатында ежелгі өнер туындыларын, экспонаттардың мәдени-тарихи коллекцияларын белсенді насихаттау.
Алматы қаласы музейлер бірлестігі келушілердің қолжетімдігін арттыру мақсатында заманауи технологиялармен жабдықталған. Музейге келушілер әлемдік izi.travel платформасы арқылы қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде аудиогид тыңдай алады, бұл үшін әр залда QR-кодтары, визуалды және мнемо сілтемелері орнатылған. Экспозициялық залдар заманауи технологиялар – галограммалар, LED-экрандар, ақпараттық дүңгіршектер, 3D-турлармен жабдықталған.
"Алматы қаласы музейлер бірлестігі" КМҚК келушілер үшін - музейге келу, экскурсия жүргізу, жарнама үшін материалдар тарату қызметтерін ақылы өткізеді. Қалалық музейлер күн сайын сей.-жек. (дүйсенбі-тазалық күні) сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін жұмыс істейді