Алматы қаласы Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұрбақыт Қуанәліұлы қызметкерлерге семинар өткізді. Семинар барысында ол қызметтік әдеп қағидаттары мен стандарттарын, мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулерді егжей-тегжейлі талқылады, мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен міндеттерін, мүдделер қақтығысы туындаған кездегі іс-қимыл алгоритмін, әріптестер немесе өзге де адамдар тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзушылықтарды түсіндірді.
Сонымен қатар, жұмыстан тыс уақытта, қоғамдық орындарда жалпы қабылданған моральдық-этикалық мінез-құлық нормаларын сақтау мәселелеріне ерекше назар аударды.