Басшының орынбасары сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама мен әдеп нормаларын сақтау бойынша семинар өткізді

Басшының орынбасары сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама мен әдеп нормаларын сақтау бойынша семинар өткізді

Алматы қаласы Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы басшысының орынбасары Азиз Гульжан Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының негізгі ережелерін егжей-тегжейлі түсіндіріп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы соңғы өзгерістерді жариялады. Басшының орынбасары «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы заңнамасының, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің нормалары мен қағидаттарын тұрақты негізде сақтаудың маңыздылығын атап өтті.

Семинар барысында Алматы қаласы Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының қызметкерлері кірістер мен мүлікті жалпыға бірдей декларациялауға, белгісіз тұлғалардың жеке шотына ақша қаражатын аудару жағдайларына, сондай-ақ бағыныстылардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін басшылардың дербес жауапкершілігіне қатысты мәселелерді талқылады.