Басқарма Алатау ауданының құрылыс нысандарын жұмыс сапарымен аралап шықты

Басқарма Алатау ауданының құрылыс нысандарын жұмыс сапарымен аралап шықты

Алматы қаласы Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының (бұдан әрі – Басқарма) басшысы Алатау ауданында орналасқан құрылыс нысандарын жұмыс сапарымен аралап шықты. Басқарманың тапсырысы бойынша инженерлік инфрақұрылымды дамыту бойынша жұмыстар жүргізілуде, сондай-ақ Алғабас шағын ауданында, құрылыстың бірінші кезегі аясында, 17 км су құбыры және 13,3 км кәріз төселді. Аталған шағын ауданның 1250 тұрғынының үйлеріне жаңа желілер тартылды. Қазіргі уақытта құдықтарды деталдау және олардағы лотоктарды орнату бойынша жұмыстар жалғасуда. Шағын ауданның 6 көшесінде асфальт жабынын төсеу аяқталды.
Көшпелі кеңес барысында Басқарма басшысы Санжар Алин құрылыс жұмыстарының қарқынын жылдамдатуға, сондай-ақ анықталған ескертулерді түзетуге тапсырма берді.

Басқарманың тапсырысы бойынша Алатау ауданындағы өнеркәсіптік (индустриялық) аймақ үшін таратушы газ желілерінің құрылысы жүргізілуде. Көшпелі кеңес барысында құрылыс жұмыстарының сапасы мен қарқыны қаралды, басқарма басшысы құрылыс нысандарын мерзімінде аяқтауды тапсырды.

Боралдай ш/а көшпелі тексеру шеңберінде, Жер қатынастары басқармасымен бірлесіп кәріз сорғы станциясын салуға балама жер учаскесін анықтау туралы шешім қабылданды.

Сондай-ақ, аралау барысында Әйгерім 1, 2 ш/а кәріздік сорғы станцияларының құрылыс жұмыстарының барысына тексеру жүргізілді.