Басқарма Алатау ауданының құрылыс нысандарын жұмыс сапарымен аралап шықты

Басқарма Алатау ауданының құрылыс нысандарын жұмыс сапарымен аралап шықты

Алматы қаласы Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының (бұдан әрі – Басқарма) басшысы Алатау ауданында орналасқан құрылыс нысандарын жұмыс сапарымен аралап шықты. Басқарманың тапсырысы бойынша инженерлік инфрақұрылымды дамыту бойынша жұмыстар жүргізілуде, сондай-ақ Шаңырақ-2 ш/а ағынды суларды айдау станциясының құрылысы жүргізілуде, қазіргі уақытта авторлық қадағалау арқылы жобаны түзету жұмыстары жүргізілуде.
Шаңырақ-2 ш/а орналасқан 643 үйдің тұрғындары жаңадан салынған кәріз желілеріне қосылуға мүмкіндік алды. Кәріз желілерін іске қосу үшін кәріз сорғы станциясының құрылысына арналған 3 учаскені алып қою жұмыстары жүргізілуде.

Шаңырақ-1 ш/а су құбыры және кәріз желілерінің, сондай-ақ кәріз сорғы коллекторының құрылысы бойынша жұмыс жалғасуда. Бүгінгі күні Басқарма Алатау ауданы аппараты мен бірлесіп жеке аумақтар арқылы инженерлік желілерді өткізу мәселесін шешуде.

Басқарманың тапсырысы бойынша Өжет ш/а оңтүстік бөлігінде сумен жабдықтау және су бұру желілері салынды. Қазіргі уақытта екі кәріздік сорғы станциясын салу үшін жобаны әзірлеу жүргізілуде, бұл кәріз желісін іске қосуға мүмкіндік береді.

Қарасу шағын ауданда да құрылыс жұмыстарының барысы тексерілді. Бүгінгі күні 24,5 км су құбыры және 19 км кәріз салынды, ал ағымдағы жылдың сәуір айында кәріз сорғы станциясының құрылысы басталды.