Алматы қаласы энергетика және сумен жабдықтау басқармасы Алматы қаласы әкімдігінің ШЖҚ «Алматы Қала Жарық» МКК басшысы бос лауазым орнына орналасуға конкурс жариялайды

Алматы қаласы энергетика және сумен жабдықтау басқармасы Алматы қаласы әкімдігінің ШЖҚ «Алматы Қала Жарық» МКК басшысы бос лауазым орнына орналасуға конкурс жариялайды

Алматы қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Алматы Қала Жарық» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны, 050058, Алматы қаласы, Рысқұлов даңғылы, 101Г, телефон 253-05-63.

Кәсіпорын қызметінің мәні көшелерді, жолдарды және үй маңы аумақтарын сыртқы жарықтандыру нысандарын ұстау саласындағы қызметті жүзеге асыру болып табылады.

Кәсіпорын қызметтінің мақсаты Алматы қаласы халқының жайлы өмір сүру жағдайын қамтамысыз ету және Алматы қаласының коммуналдық инфракұрылымы жағдайын жақсарту болып табылады.

Кәсіпорын мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:

  1. Алматы қаласының аумағында көше жарықтандыру нысандарын ұстау;
  2. Алматы қаласының аумағында қоғамдық көліктің аялдама кешендерін жарықтандыру нысандарын ұстау және ағымдағы жөндеу;
  3. Алматы қаласының аумағында сыртқы жарықтандырудың электр өткізгіш желілерін ұстау;
  4. Сыртқы жарықтандыру нысандарын түгендеу бойынша жұмыстарды орындау;
  5. Алматы қаласының сыртқы жарықтандырылуын автоматтандыру;
  6. Энергияны үнемдейтін жаңа технологияларды енгізу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Функционалдық бағыт бойынша жоғары білім. Басшылық лауазымдарда жұмыс өтілі                        5 жылдан кем емес.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы талаптар: Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі; «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Кодексі, Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңын; Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік меншік туралы» Заңы және Қазақстан Республикасының осы кәсiпорынның қызметi саласындағы қатынастарды реттейтiн басқа да нормативтiк құқықтық актілерін білуі қажет.

Кәсіпорынның өндірістік технологиясын және қызмет көрсетуін, ұйымды басқарудың жаңа әдістерін, стратегиялық жоспарлау, экономикалық индикаторлар жүйесін, шаруашылық және қаржылық келісім-шарттарды жасасу тәртібі мен орындалуын, Кәсіпорынның экономикасын және қаржысын басқаруды, еңбек және өндірісті ұйымдастыруды, салалық келісімдерді, ұжымдық келісім-шарттарды әзірлеуді және жасасуды, әлеуметтік-еңбек қатынастарды реттеуді, еңбек қорғау және қауіпсіздік ережелерін, өрт қауіпсіздігі талаптарын білуі қажет.

Конкурс Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 70 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу кағидаларына сәйкес өткізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін тапсырылатын құжаттардың тізімі:

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түйіндеме;

3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;

4) белгіленген тәртіппен куәландырылған, білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) белгіленген тәртіппен расталған еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және одан еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері;

6) денсаулығы туралы белгіленген нысанадағы анықтама.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс стажына, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар, бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар туралы құжаттардың көшірмелері және т.с.) беруіне болады.

Конкурсқа қатысу үшін қабылданатын құжаттар конкурс өткізу туралы хабарландыру ресми бұқаралық ақпарат құралдары бетінде және Алматы қаласы энергетика және сумен жабдықтау басқармасының ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-energy, жарияланған күннен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде Алматы қаласы энергетика және сумен жабдықтау басқармасына, Алматы қаласы,Әуезов көшесі, 82 Мынбаев көшесінің қиылысы, 1 қабат №2 бөлме мекенжайы бойынша тапсырылуы тиіс.

Конкурсқа қатысуға жіберілген тұлғалар тізімі анықталғаннан кейін күнтізбелік 10 күн ішінде конкурсқа қатысушылар әңгімелесуді Алматы қаласы энергетика және сумен жабдықтау басқармасында өтеді.

Анықтама телефоны: +77078870758