Электрмен жабдықтау қызметтеріне тарифті 2021 жылғы 1 ақпаннан бастап төмендету

Электрмен жабдықтау қызметтеріне тарифті 2021 жылғы 1 ақпаннан бастап төмендету

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің 2021 жылғы
25 қаңтардағы №04-27/137 жобаланатын бағаны шекті баға деңгейіне дейін төмендету туралы дәлелді қорытындысына сәйкес, электр қуатының жүктемені көтеруге дайындығын қамтамасыз ету бойынша, көрсетілетін қызметке электр энергиясын өндіру – тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметке және ұлттық электр желісі бойынша электр энергиясын беру бойынша көрсетілетін қызметке тарифтердің төмендеуіне байланысты 2021 жылғы 1 ақпаннан бастап электрмен жабдықтау қызметі бойынша мынадай тарифтер қолданылуда:

- жеке тұлғалар (халық) үшін – 1 кВт*сағ. үшін ҚҚС-сыз 16,86 теңге
(1, 5%-ға төмендеу);

- өзге де заңды тұлғаларға үшін – 1 кВт*сағ. үшін ҚҚС-сыз 18,25 теңге (1, 2% төмендеу);

- бюджеттік ұйымдар үшін – 1 кВт*сағ. үшін ҚҚС-сыз
25,93 теңге (өзгеріссіз қалады).