Әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы нормаларды сақтау: Алматы қаласының Энергетика және сумен жабдықтау басқармасында мемлекеттік қызметшілерге арналған оқыту семинары өтті

Әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы нормаларды сақтау: Алматы қаласының Энергетика және сумен жабдықтау басқармасында мемлекеттік қызметшілерге арналған оқыту семинары өтті

2026 жылғы 30 маусымда Алматы қаласының Энергетика және сумен жабдықтау басқармасында мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі талаптарын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау мәселелеріне арналған оқыту семинары өтті. Іс-шараға Алматы қаласы әкімінің кеңесшісі, Алматы қаласы әкімдігі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Ахетов Мамай Қаниевич қатысты.

Семинар барысында спикер мемлекеттік қызмет тәжірибесінен алынған нақты мысалдарды ұсынып, әдеп нормалары мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын бұзудың салдарын жан-жақты түсіндірді. Сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің негізгі қағидаларына тоқталып, әрбір қызметкердің ашықтық, адалдық және сатылмаушылық қағидаттарын сақтаудағы жеке жауапкершілігінің маңызын атап өтті. Кездесу соңында қатысушылардың өзекті тәжірибелік мәселелер бойынша қойған сұрақтарына жауап берді.

Іс-шара аясында мемлекеттік органдарда адалдыққа негізделген әрі ашық корпоративтік мәдениетті қалыптастыру мәселелері де қарастырылды. Спикер мемлекеттік қызметшілердің құқықтық және әдептік сауаттылығын жүйелі түрде арттыру мемлекеттік қызметке деген қоғам сенімін нығайтудың және халықпен өзара іс-қимылдың тиімділігін арттырудың маңызды шарты екенін атап өтті.