Алматы қаласының дератизациясы

Алматы қаласының дератизациясы

2020 жылдың 2 сәуірінде Алматы қаласының «Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасы» КММ мен «Нұртансық» ЖШС арасында Алматы қаласының аумағында жаппай дератизация (егеуқұйрықтар мен тышқандарды жою) жүргізуге шарт жасалды. Келісім-шартқа және бекітілген кестеге сәйкес жұмыстардың басталуы 2020 жылдың 29 сәуірінде.

Жаппай түрдегі дератизациялық іс – шаралар екі кезеңде жүргізіледі  көктемгі және күзгі турлар (көктемгі кезең сәуір – мамыр, күзгі кезең қыркүйек – қазан). Жұмыстар кестеге сәйкес жүргізіледі. Бүгінгі күні Алматы қаласының аумағын дератизациялау бойынша екінші кезең (күзгі) аяқталды. Қосымша тұрғындардың өтініштерін өңдейтін мобильді топтар жұмыс істейді.

Бұл дератизация жұмыстары кеміргіштерді жою және Алматы қаласының қоныстанған аумақтарын олардан босату, сондай-ақ олардың санын үнемі минималды деңгейде ұстап тұру, кең таралған жұқпалы аурулардың алдын-алуды және экономикалық зиянның алдын алу мақсатында жүзеге асырылады.

Дератизация «дезинфекция, дезинсекция және дератизацияны ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының талаптарына сәйкес орындалады.