Алматы қаласы Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы «Алматы Су» ШЖҚ МКК басшысы лауазымына жарияланған конкурсты өтпеген деп жариялайды

Алматы қаласы Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы «Алматы Су» ШЖҚ МКК басшысы лауазымына жарияланған конкурсты өтпеген деп жариялайды

Алматы қаласының Энергетика және сумен жабдықтау басқармасында шаруашылық жүргізу құқығындағы «Алматы Су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының басшысы лауазымына жарияланған конкурс аясында келіп түскен құжаттарды қарау бойынша конкурс комиссиясының отырысы өтті.

Конкурсқа қатысу үшін төрт кандидат құжат тапсырды. Ұсынылған құжаттарды қарау нәтижесінде конкурс комиссиясы белгіленген талаптарға тек бір ғана кандидаттың сәйкес келетінін анықтады. Алайда, конкурс өткізу тәртібіне сәйкес, әңгімелесуді өткізу үшін талаптарға сай келетін кемінде екі кандидат болуы қажет.

Осыған байланысты, конкурс комиссиясы конкурс өтпеген деп тану туралы шешім қабылдады.

Жақын арада аталған лауазымға конкурс қайтадан жарияланатын болады. Ақпарат Алматы қаласы Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының ресми интернет-ресурсында жарияланады.