Алматы қаласы Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы басшысының бұйрығымен Алматы қаласы Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы басшысының орынбасары лауазымына Мерей Оңғаров тағайындалды.
Ол Алматы энергетика және байланыс университетін «Электр энергетикасы» мамандығы бойынша, Шерхан Мұртаза атындағы халықаралық Тараз инновациялық институтын «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. «Электр энергетикасы» мамандығы бойынша магистр дәрежесін алды.
Еңбек жолын 2020 жылдың наурыз айында «Алматы жылу жүйесі» ЖШС жылу көздеріндегі жылу энергиясын есепке алуды бақылау бөлімінің 1-санатты инженері лауазымынан бастады.
Мемлекеттік қызметтегі жолды 2020 жылдың қыркүйегінде Алматы қаласы Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының энергия-жылумен жабдықтау бөлімінің бас маманы болып бастады.
2023 жылдың тамыз айынан қазан айына дейін Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі аппаратының инженерлік және жол инфрақұрылымы бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді.
2023 жылдың 3 қазанынан бастап Алматы қаласы Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының энергия-жылумен жабдықтау бөлімінің басшысы қызметін атқарды.