Жыл сайын 23 маусымда атап өтілетін Мемлекеттік қызметші күніне орай, Алматы қаласы Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының перспективалық даму бөлімінің бас маманы Анара Ержановна Оразбаева мемлекеттік қызмет саласындағы адал еңбегі мен жоғары кәсібилігі үшін Алматы қаласы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Анара Ержановна жол қозғалысын ұйымдастыру және құқықтану мамандықтары бойынша екі жоғары білімге ие. Мемлекеттік қызметтегі еңбек жолын 2007 жылы Шығыс Қазақстан облысында бастаған, және осы уақыт ішінде жетекші маманнан мемлекеттік сатып алу саласындағы танылған сарапшы деңгейіне дейін көтерілді.
2020 жылдың желтоқсан айынан бастап ол Алматы қаласы Энергетика және сумен жабдықтау басқармасында еңбек етуде. Осы кезеңде өзін білікті әрі жауапкершілігі жоғары маман ретінде көрсетті. Оның сатып алу жүйесін жетілдіруге, рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз етуге және әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыруға қосқан үлесі қала басшылығы тарапынан жоғары бағаланды.
Басқарма ұжымы Анара Ержановнаны осы марапатпен шын жүректен құттықтап, кәсібилігі, бастамашылдығы және мемлекеттік қызметке адалдығы үшін алғыс білдіреді.