Алматы қаласы Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының жылу және газбен жабдықтау бөлімінің бас маманы Еркебұлайн Қайыржанұлы Илипбаев салтанатты түрде мемлекеттік қызметшінің антын қабылдады.
Ант қабылдау рәсімі Басқарма ғимаратында басшылығы мен қызметкерлерінің қатысуымен өтті. Бұл рәсім мемлекеттік қызметшінің өз міндеттерін адал әрі жауапкершілікпен атқаруға, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын сақтауға, мемлекеттің және қоғамның мүддесіне сай қызмет етуге дайын екендігінің ресми дәлелі болып табылады.
Басқарма басшысының міндетін атқарушысы Серікбай Н.Қ. мемлекеттік қызметтің қағидаттарын сақтаудың маңыздылығын атап өтіп, ант қабылдау рәсімі – бұл жай ғана формальді рәсім емес, азамат пен мемлекеттің алдындағы жеке жауапкершілік актісі екенін айтты.
«Илипбаев Еркебұлайн Қайыржанұлы қаланың жылу және газбен жабдықтау жүйесін дамытуға өз үлесін қосып, саланың тұрақты әрі тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді деп сенеміз», – деді басқарма басшысының міндетін атқарушысы.
Алматы қаласы Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы кәсібилік, ашықтық және есептілік қағидаттарына сүйене отырып, кадрлық әлеуетті нығайту және мемлекеттік қызмет сапасын арттыру бағытындағы жұмысын жалғастырады.