16.05.2025 ж. ҚР-сы еңбек және әлеуметтік қорғау вице - министрі А.С. Биахметовтың жұмыс сапары барысында ҚР-ның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау минстрлігі мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің басшысы С.С. Оразбековтің қатысуымен "INFRA DEL PROJECTS KAZAKHSTAN" ЖШС басшылығымен кездесу өткізілді. Кездесуде мекеменің өзінің ("еңбек тәуекелдерінің картасында" айқындалған) қызметкерлері алдындағы жалақы және салық аударымдары (әлеуметтік аударымдар және міндетті зейнетақы жарналары) бойынша берешегі мәселелері қаралды. Кездесу қорытындысы бойынша "INFRA DEL PROJECTS KAZAKHSTAN" ЖШС басшылығының алдына Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің тарапынан көмек көрсетуді ескере отырып, бар берешекті өтеу бойынша нақты талаптар қойылды. Сонымен қатар, "еңбек тәуекелдерінің картасы" ақпараттық жүйесінің мониторингі барысында "QOMEK KAZAKHSTAN" ЖШС кәсіпорнының 2025 жылғы наурыздағы әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі бар екені анықталды. Жүргізілген түсіндіру жұмыстарының нәтижелері бойынша бар берешек толық көлемде өтелді.
Сондай-ақ, МКД-і және аудандық әкімдіктер өкілдерінің қатысуымен өткен кеңесте еңбек қатынастары саласында жоғары тәуекелдері бар Алматы қаласындағы кәсіпорындар санын азайту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға жәрдем көрсету туралы мәселелері қаралды.