
2026 жылғы 8 қыркүйегінде Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің департаменті басшысының уақытша міндетін атқарушы Т.А. Умбетьяровпен және аналитикалық жұмыс бөлімінің басшысы А.Ғ. Төлеуғали тарапынан өндірістегі жазатайым оқиғалар кезінде жұмыскерлерге берілетін кепілдіктері туралы түсіндірілді.
Егер адам жұмыста жарақат алса, оның қорғалуға және сақтандыру төлемдерін алуға құқығы бар. Алайда жарақаттың болуы өздігінен ақшалай төлемдердің автоматты түрде тағайындалатынын білдірмейді: оқиға туралы уақытылы хабарлау және тергеп-тексеруді дұрыс жүргізу маңызды.
Видеоның толық нұсқасын ссылкадан көре аласыз:
https://www.youtube.com/live/Fit4vMQmsVU?si=QGjKOzC0SiDoboG2