Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау мәселелері бойынша кеңес өтті

Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау мәселелері бойынша кеңес өтті

2026 жылғы 4 қырқүйектегі Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы Комитетінің Департамент басшысы С.С. Оразбеков сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау мәселелері бойынша кеңес өткізді. Кеңесте ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуына жүргізілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг туралы хаты қаралды. Департамент басшысы "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" ҚР Заңының талаптарын мүлтіксіз сақтау, құмар ойындарға қатысуға, оның ішінде Интернет желісін пайдалану арқылы өткізілетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді бұзуға жол бермеу туралы еске салды. Сондай-ақ, қызметтік міндеттерді жүзеге асыру кезінде мүдделер қақтығысы туындаған жағдайда қойылатын талаптар мен іс-қимыл тәртібі көрсетілген. Кеңес барысында департамент басшысы табыс туралы декларацияны уақтылы тапсырмағаны үшін жауапкершілік туралы еске салды. Сонымен қатар, кеңесте мемлекеттік еңбек инспекторларының атқарушылық тәртібіне қатысты жекелеген мәселелер қаралды.