
2026 жылдың 15 шілдесінде Алматы қаласы Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті департаментінің басшысы С.С. Оразбеков қосымша жұмыс және лауазымдарды қоса атқару туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 1-бабы 1-тармағының 56) тармақшасына сәйкес қоса атқаратын жұмыс деп қызметкердің негізгі жұмысынан бос уақытында еңбек шартының талаптары негізінде басқа тұрақты ақы төленетін жұмысты орындауы түсініледі.
Осыған сәйкес қызметкер қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шартын өзі негізгі жұмыс орны бойынша еңбек қатынастарында тұрған жұмыс берушімен де, сондай-ақ бірнеше жұмыс берушімен де жасасуға құқылы.Негізгі жұмыс орны бойынша және қоса атқаратын жұмыс бойынша күн сайынғы жұмыстың жиынтық ұзақтығы заңнамада белгіленген күнделікті жұмыс уақытының нормасынан (күніне 8 сағат) 4 сағаттан артық аспауға тиіс (Кодекстің 68-бабының 3-тармағы).Осыған байланысты негізгі жұмысын және қоса атқаратын жұмысын қатар атқаратын қызметкер еңбек міндеттерін тәулігіне жиынтығында 12 сағаттан аспайтын уақыт көлемінде орындай алады.Кодекстің 26-бабы 2-тармағының 5) тармақшасына сәйкес он сегіз жасқа толмаған қызметкерлерді, сондай-ақ медицина қызметкерлерін қоспағанда, ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарда еңбек ететін қызметкерлерді қоса атқаратын жұмысқа қабылдауға жол берілмейді.
Басқа жұмыс берушімен қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шартын жасасу үшін қызметкер негізгі жұмыс орны бойынша жұмысының сипаты мен еңбек жағдайлары туралы анықтаманы (жұмыс орны, лауазымы, еңбек жағдайлары) ұсынады (Кодекстің 32-бабының 4-тармағы).
Кодекстің 52-бабының 2-тармағына сәйкес қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шарты жұмыс берушінің бастамасы бойынша, егер осы жұмыс өзі үшін негізгі жұмыс болып табылатын қызметкермен еңбек шарты жасалған жағдайда, бұзылуы мүмкін.Қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін қызметкерлерге жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы негізгі жұмыс орны бойынша берілетін демалыспен бір мезгілде беріледі.Егер қоса атқаратын жұмыс бойынша жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының ұзақтығы негізгі жұмыс орны бойынша демалыс ұзақтығынан аз болса, жұмыс беруші қызметкердің өтініші бойынша демалыстардың ұзақтығы арасындағы айырманы құрайтын күндерге жалақы сақталмайтын демалыс береді (Кодекстің 92-бабының 5-тармағы).Осылайша, қоса атқаратын жұмыс кезінде жалпы негіздерде жеке еңбек шарты жасалатынын ескере отырып, қоса атқаратын қызметкерлерге Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында көзделген барлық құқықтар мен кепілдіктер беріледі (оның ішінде еңбекақыны есептеу, міндетті аударымдар мен салық салу мәселелері бойынша).Осыған байланысты қоса атқаратын жұмыс бойынша еңбек ететін қызметкерге, егер сауықтыруға арналған жәрдемақы көзделген болса, жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысына шыққан кезде ол негізгі лауазымы бойынша да, қоса атқаратын лауазымы бойынша да төленеді.Қоса атқаратын жұмыс бойынша еңбек қызметі туралы мәліметтер Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне (ЕШЕБЖ) енгізіледі, сондай-ақ қызметкердің өтініші бойынша оның еңбек кітапшасына жазылады.
Видеоның толық нұсқасын ссылкадан көре аласыз: https://www.instagram.com/reel/Da2X0UVMNro/?igsh=amx0bHphYmZzc3lt