
Алматыда еңбек қатынастарын рәсімдеуге және еңбек заңнамасының сақталуына, соның ішінде азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар (ГПХ) бойынша бақылау күшейтілуде. Жаңа тәсілдердің тәжірибеде қалай қолданылып жатқаны және жұмыс берушілер мен қызметкерлер нелерге назар аударуы керектігі туралы Almaty.tv телеарнасының жаңалықтардағы тікелей эфирінде Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті департаменті бөлімінің басшысы Ануар Төлеуғали ашып айтты.