
ҚР Еңбек Кодексінің 23-бабына сәйкес, жұмыс беруші жұмысқа қабылдау кезінде ҚР Еңбек Кодексте белгіленген тәртіппен және жағдайларда жұмыскерлермен еңбек шарттарын жасасуға міндетті
ҚР Еңбек Кодексінің 28-бабында еңбек шартының мазмұны бойынша талаптар көзделген. Осыған байланысты, ҚР Еңбек кодексінде көрсетілген талаптарды сақтау және оларды дұрыс қолдану мақсатында Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі салалар бойынша, атап айтқанда: қоғамдық тамақтану, құрылыс, көлік саласында және қызметтің барлық түрлері үшін бірінғай үлгілік еңбек шарттарын әзірледі.
Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің департаменті жұмыс берушілерге қызметкерлерді жұмысқа қабылдау кезінде көрсетілген үлгілік еңбек шарттарын пайдалануды ұсынады. Үлгілік еңбек шарттары келесі сілтеме бойынша ұсынылған:
https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-enbek/documents/details/1021791?lang=kk