
Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекторы Е.К. Сағынбеков Алматы қаласы Медеу ауданының прокуратурасымен бірлесіп Алматы қаласының Медеу ауданындағы құрылыс объектілерінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Құрылыс нысандарындағы кездесу барысында қызметкерлерге еңбекті қорғау саласындағы талаптар түсіндірілді, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелерін мүлтіксіз сақтау, оның ішінде жұмыстарды жүргізу кезінде жеке қорғаныс құралдарын міндетті пайдалану көрсетілді.