
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің мемлекеттік еңбек инспекторы А.Ч. Қанабаев 2026 жылдың 25 мамыры мен 29 мамыры аралығында «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ – «Алматы магистральдық желі бөлімшесі» филиалында Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының сақталуы мәселесі бойынша профилактикалық бақылау жүргізді.
Профилактикалық бақылау барысында филиалдың еңбек ұжымымен Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарын сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қызметкерлердің еңбек құқықтарының бұзылуына жол бермеу жөнінде тиісті ұсынымдар берілді.