28 сәуір — Еңбекті қорғау жөніндегі дүниежүзілік күн

28 сәуір — Еңбекті қорғау жөніндегі дүниежүзілік күн

27.04.2026 ж. Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай іс-шараларды өткізу шеңберінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің еңбек саласын бақылау және талдау бөлімінің басшысы А. Ғ. Төлеуғали қаладағы құрылыс саласындағы жұмысшылар мен өкілдерінің қатысуымен кездесу өткізілді.

       Іс-шараның басты мақсаты Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасының талаптарын сақтау, оның ішінде қауіпсіз жағдайлар мен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету, сондай-ақ өндірістік жарақаттанудың алдын алу мәселелері бойынша құрылыс саласындағы жұмысшылардың құқықтық сауаттылығы мен хабардар болу деңгейін арттыру болды.

        Кездесу барысында құрылыс объектілерінде еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етудің өзекті аспектілері, соның ішінде қызметкерлерге міндетті нұсқамалар мен оқытуды ұйымдастыру және өткізу, жеке және ұжымдық қорғау құралдарын қамтамасыз ету және қолдану, технологиялық тәртіпті сақтау, сондай-ақ жұмыс берушілердің заңнамамен жүктелген міндеттерді орындауы қарастырылды.