
28.04.2026 ж. ҚР ЕжХӘҚМ мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Алматы қ. бойынша департаментінің мемлекеттік еңбек инспекторлары А.Б. Қалдыбаев пен А.Ғ. Төлеуғали қатысуымен «Алматыэлектротранс» ЖШС-де Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай семинар өткізілді.
Семинар барысында «Алматыэлектротранс» ЖШС-де еңбекті қорғауды қамтамасыз ету және техника қауіпсіздігі талаптарын сақтау жұмыстары қалай жүргізілетіні жайында, қауіпсіз еңбек жағдайларын ұйымдастыру тәртібі және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жұмысшылардың әлеуметтік кепілдіктерін қамтамасыз ету маңыздылығы атап өтілді.