АО «АлЭС» өндірістік қауіпсіздік бойынша өңірлік форумына қатысу

АО «АлЭС» өндірістік қауіпсіздік бойынша өңірлік форумына қатысу

2026 жылдың 17 сәуірінде ҚР ЕжХӘҚМ мемлекеттік еңбек инспекциясы Комитетінің Алматы қ. бойынша департамент басшысының орынбасары Қ.П. Сайлауов және мемлекеттік еңбек инспекторы А.Б. Бақытбек, «АлЭС» АҚ ұйымдастырған өндірістік қауіпсіздік жөніндегі форумына қатысты. Аталмыш іс-шара энергетикалық компаниялардың, мемлекеттік органдардың және салалық сарапшылардың өкілдерін біріктірді.

Іс-шара барысында мемлекеттік еңбек инспекторлары еңбекті қорғау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлігінде мердігер және қосалқы мердігер ұйымдарды басқару мәселелері бойынша қойылған сұрақтарға жауап берді. Сондай-ақ «Онлайн еңбек кеңесшісі» электрондық сервисінің маңыздылығы атап өтіліп, оның ірі өндірістік компаниялар мен мердігер ұйымдар үшін практикалық пайдасы көрсетілді.

Форумда Vision Zero – нөлдік жарақаттану тұжырымдамасын енгізуге ерекше назар аударылды. Форум қорытындысы бойынша тәуекелдерді азайтуға және топ кәсіпорындарындағы қауіпсіздік жүйелерінің тиімділігін арттыруға бағытталған ұсынымдар пакеті қалыптастырылды.

Өткізілген іс-шара қауіпсіз еңбек мәдениетін одан әрі дамытуға және саланың сенімді, апатсыз жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам болды.