Мемлекеттік еңбек инспекторының құрылыс жұмыскерлерімен кездесуі

Мемлекеттік еңбек инспекторының құрылыс жұмыскерлерімен кездесуі

ҚР ЕжХӘҚМ мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Алматы қ. бойынша департаментінің мемлекеттік еңбек инспекторы А.Б. Қалдыбаев қаладағы құрылыс алаңында құрылыс жұмыскерлерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде еңбекті қорғауды қамтамасыз ету және техника қауіпсіздігі талаптарын сақтау мәселелеріне басты назар аударылды. Мемлекеттік еңбек инспекторы қауіпсіздіктің қарапайым нормаларын бұзу өндірістегі жазатайым оқиғаларға,  соның ішінде көбінесе ауыр зардаптарға және қазаға ұшырауға әкелетінін атап өтті.

Жұмыскерлерге Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің еңбекті қорғау саласындағы жұмыс беруші мен жұмыскердің құқықтары мен міндеттеріне, қауіпсіз еңбек жағдайларын ұйымдастыру тәртібіне, еңбек шартының міндетті түрде жасалуына қатысты негізгі ережелері түсіндірілді. Аталған талаптарды сақтау Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген әлеуметтік кепілдіктердің қамтамасыз етілуіне ықпал етеді.