ЖОМС мәселелері бойынша жұмыс кездесуі

ЖОМС мәселелері бойынша жұмыс кездесуі

14.04.2026 ж. Алматы қаласы бойынша Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің департаментінде «Мемлекеттік аннуитеттік компания» Өмірді сақтандыру компаниясы АҚ филиалының директоры Е.С. Баужановпен жұмыс кездесуі өткізілді.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі А. Ертаевтың 2026 жылғы 13 наурыздағы бұйрығымен бекітілген жұмыскерлерді еңбек (қызметтік) міндеттерін атқару кезінде жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарттарын (ЖОМС) жасасуды қамтамасыз ету жөніндегі 2026 жылға арналған жоспарды іске асыру бойынша жоспарланған іс-шаралар, сондай-ақ ЖОМС шарттарын жасасу бойынша жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізуге бағытталған алдағы бірлескен іс-шаралар талқыланды.

Сонымен қатар, ЖОМС шарттарын жасасуға қатысты туындайтын жиі кездесетін мәселелер қаралды. Талқылау қорытындысы бойынша ұйымдарды жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарттарымен қамту деңгейін арттыруға бағытталған бірлескен іс-шараларды келісу және бекіту жұмыстары жүргізілді.