
«Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ ақпараты бойынша Алматы қаласы бойынша жалдамалы жұмыскерлердің жалпы саны 924 327 жұмыскерді құрайды, оның ішінде еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне 793 374 электрондық еңбек шарты енгізілген, бұл 86% -. құрайды.
10.03.2026 жылдан 10.04.2026 жылға дейінгі кезеңде 3425 электрондық еңбек шарты енгізілді.
Бұл ретте, бүгінгі күні барлық жұмыс берушілер электрондық еңбек шарттарын енгізген жоқ. 130 953 қызметкер бойынша ақпарат енгізілмеген.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде жұмыс берушілерді ҚР Еңбек кодексінің бұзылуына жол бермеу мақсатында еңбек шарттарын есепке алу жүйесіне уақтылы және толық көлемде ақпарат енгізуге шақырамыз.
Сондай-ақ, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 98-бабына сәйкес еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне мәліметтерді уақтылы және дұрыс енгізбегені үшін лауазымды тұлғалар мен заңды тұлғалар үшін айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілік көзделгенін еске саламыз (Enbek.kz).