«Қызметкерлердің еңбек құқықтарын сақтау және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету, құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу кезінде заңнаманы сақтау» мәселелері бойынша кеңес өткізілді

«Қызметкерлердің еңбек құқықтарын сақтау және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету, құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу кезінде заңнаманы сақтау» мәселелері бойынша кеңес өткізілді

Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті 2026 жылғы 18 наурызда Алматы қаласы Алмалы ауданы прокуратурасының базасында мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдерімен бірлесіп, құрылыс компаниялары өкілдерінің қатысуымен «Қызметкерлердің еңбек құқықтарын сақтау және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету, құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу кезінде заңнаманы сақтау» мәселелері бойынша кеңес өткізді.

Кеңесте еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды. Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігер ұйымдар тарапынан жіберілген бұзушылықтар атап өтіліп, соның салдарынан адам өлімімен және ауыр зардаптармен аяқталған жазатайым оқиғалардың орын алғаны айтылды.

Департамент басшысының орынбасары өндірістік жарақаттануды алдын алу, болдырмау және төмендету мақсатында құрылыс ұйымдарының өкілдеріне құрылыс нысандарында қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету бөлігінде еңбек заңнамасының талаптарын қатаң сақтауды және тұрақты қатаң бақылауды жүзеге асыруды тапсырды. 

Аудан аумағында құрылыс жүргізіп жатқан ұйымдарға тапсырыс берушіден мердігерге дейінгі тік бақылау жүйесін енгізу қажеттілігі көрсетілді. Оның мақсаты – құрылыс-монтаж жұмыстарының барлық кезеңдерінде, нысанды пайдалануға бергенге дейін толық бақылауды қамтамасыз ету және құрылыс саласында «нөлдік жарақаттану» стратегиясы – VISION ZERO тұжырымдамасына қосылу болып табылады.