
ЖҰМЫСКЕРДІ МІНДЕТТІ САҚТАНДЫРУ бұл әлеуметтік қорғаудың маңызды тетігі болып табылады.
Ол өндірістік жарақат немесе кәсіптік ауру орын алған жағдайда қызметкердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянның өтемақысын қамтамасыз етеді.
ЖАЗАТАЙЫМ ОҚИҒАЛАРДАН МІНДЕТТІ САҚТАНДЫРУ ШАРТЫН ЖАСАУ МЫНАЛАРҒА МҮМКІНДІК БЕРЕДІ:
⚖ САҚТАНДЫРУ ШАРТЫНЫҢ БОЛМАУЫ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІК
ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 230-бабына сәйкес, міндетті сақтандыру шартын жасамау:
▪ жеке тұлғаларға — 10 АЕК
▪ лауазымды адамдарға, жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға — 160 АЕК
▪ орта кәсіпкерлік субъектілеріне — 400 АЕК
▪ ірі кәсіпкерлік субъектілеріне — 1000 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР ЕҢБЕК КОДЕКСІНІҢ 182-БАБЫНА СӘЙКЕС
ЖҰМЫС БЕРУШІ МІНДЕТТІ:
✔ Жұмыскер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан сақтандыруға;
✔ Жұмыскер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын жасау туралы мәліметті еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған тәртіппен еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға жіберуге.
БІЛУ МАҢЫЗДЫ:
Жазатайым оқиға орын алған жағдайда, егер жұмыскер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан сақтандыру шарты қолданыста болса, сақтандыру төлемдерін зардап шеккен қызметкерге(немесе оның асырауындағы адамдарға) жұмыс беруші емес, сақтандыру ұйымы жүзеге асырады.💼 Бұл кәсіпорынға түсетін қаржылық жүктемені азайтады және жұмыс беруші үшін экономикалық тұрғыдан тиімді болып табылады.