- ҚР Еңбек министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті Алматы қаласы бойынша Департамент басшысының бұйрығымен тағайындалған комиссия 2025 жылғы шілде 31 мен тамыз айының 14 аралығында 2025 жылғы 7 шілдеде сағат 11-20 минут шамасында "Н" Жеке кәсіпкерінің жұмыскері Н.А.С.-пен орын алған қайғылы жазатайым оқиға бойынша тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізді.
Жазатайым оқиға тұрғызылып жатқан ғимараттың 8-ші қабатынан құлау нәтижесінде орын алғандығы белгілі болды. Жазатайым оқиғаның түрі – биіктен құлау.
Жазатайым оқиғаның себебі жұмыс беруші тарапынан жұмыскерлердің еңбек қорғау және техника қауіпсіздігі шараларын сақталуын бақыламау нәтижесінде болды. Тергеп-тексеру нәтижесі бойынша жазатайым оқиға қызметкердің еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға ретінде анықталды.
- ҚР Еңбек министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті Алматы қаласы бойынша Департамент басшысының бұйрығымен тағайындалған комиссия 2025 жылғы қыркүйек айының 2 мен 12 аралығында, 2025 жылғы 11 тамызда сағат 12 шамасында «ВС-2030» ЖШС-ң жұмысшысы А.Е.О. мен болған қайғылы жазатайым оқиға бойынша арнайы тергеп-тексеру жүргізді. Жазатайым оқиға профильді металлдарды арту кезінде платформадан құлау нәтижесінде орын алғандығы анықталды. Жазатайым оқиғаның түрі – биіктен құлау.
Жазатайым оқиғаның себебі жұмыс беруші тарапынан профильді металлдарды арту кезінде бақылаудың болмағандығынан екені анықталды. Тергеп-тексеру нәтижесі бойынша жазатайым оқиға қызметкердің еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға ретінде анықталды.
- ҚР Еңбек министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті Алматы қаласы бойынша Департамент басшысының бұйрығымен тағайындалған комиссия 2025 жылғы тамыз айының 20 мен 26 аралығында, 2025 жылғы 02 тамызда 03 сағат 30 минут шамасында «YR» ЖШС-ң жұмысшысы Н.Н.Ж. жазатайым оқиға салдарынан ауыр жарақат алуына байланысты арнайы тергеп-тексеру жүргізді. Жазатайым оқиға Isuzu CLW 5180 автокөлігі, мемлекеттік номері 170GP02 автокөлігінің кабинасының баспалдағымен түсіп келе жатқан кезде аяғының тайып кету салдарынан орын алғаны Жазатайым оқиғаның түрі – биіктен құлау.
Жазатайым оқиғаның себебі жұмыскер абайсыздығы. Тергеп-тексеру нәтижесі бойынша жазатайым оқиға қызметкердің еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға ретінде анықталды.
- ҚР Еңбек министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті Алматы қаласы бойынша Департамент басшысының бұйрығымен тағайындалған комиссия 2025 жылғы қыркүйек айының 17 мен 30 аралығында, 2025 жылғы 02 қыркүйекте 19 сағат 25 минут шамасында ШЖҚ «А-Су» МКК-ң жұмысшысы Д.Р.В.-ң жазатайым оқиға салдарынан ауыр жарақат алуына байланысты арнайы тергеп-тексеру жүргізді. Жазатайым оқиға Ру-10кВ ТП-700-де 2-секцияда, РП-144 ұяшығында 16-ұяшықта (АЖК АҚ) А, В, С фазаларының кабельдік желісін фазалау кезінде, Витебская көшесі, 12В мекенжайындағы "Витебская 2-ші көтеру" сорғы станциясында орын алғаны анықталды. Жазатайым оқиғаның түрі – электр тогының соғуы.
Жазатайым оқиғаның себебі: Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі ережелер мен нұсқаулықтарды бұзған жәбірленушінің өрескел абайсыздығы. Сондай-ақ, энергетика инженері тарапынан қауіпсіз еңбек тәсілдерін оқытудағы жіберілген кемшіліктер. Тергеп-тексеру нәтижесі бойынша жазатайым оқиға қызметкердің еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға ретінде анықталды.
- ҚР Еңбек министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті Алматы қаласы бойынша Департамент басшысының бұйрығымен тағайындалған комиссия 2025 жылғы қазан айының 16 мен 22 аралығында, 2025 жылғы 01 қазан күні 9 сағат 00 минут шамасында «УМР6» ЖШС-ң жұмысшысы М.В.В.-ң жазатайым оқиға салдарынан ауыр жарақат алуына байланысты арнайы тергеп-тексеру жүргізді.
Жазатайым оқиға жүргізуші М. В. В. жүргізушінің оң қолына манипулятордың жебесінің құлауы және басылуы нәтижесінде орын алғаны анықталды. Қауіпті өндірістік фактор-заттың құлауы.
Жазатайым оқиғаның себебі: УМР6 ЖШС шебері тарапынан бетон сақиналарды түсіру және монтаждау кезінде бақылаудың болмауы. Манипулятор-жүргізушіге арналған еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықтың талаптарын бұзған жәбірленушінің өрескел абайсыздығы. Тергеп-тексеру нәтижесі бойынша жазатайым оқиға қызметкердің еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға ретінде анықталды.