- 2025 жылғы 16 қыркүйектен 2025 жылғы 13 қазанына дейінгі кезеңде Алматы қаласы еңбек инспекциясы комитетінің департаменті басшысының бұйрығымен құрылған комиссия 2025 жылғы 05 қыркүйекте «Фуд завод» ЖШС жұмысшы сағат 09-15 шамасында ауыр нәтижедегі жазатайым оқиғаға арнайы тергеу жүргізді.
Комиссия М-мен болған жазатайым оқиға өндірістік цехта, қосылған толтыру машинасын тазалау кезінде орын алғанын анықтады.
Тергеу нәтижелері бойынша бұл жазатайым оқиға қызметкердің еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға ретінде анықталды.
- 2025 жылғы 02 қыркүйектен мен 2025 жылғы 16 қыркүйекке дейшнгі кезенде Алматы қаласы еңбек инспекциясы комитетінің департаменті басшысының бұйрығымен құрылған комиссия 2025 жылғы 25 тамызда «Фуд завод» ЖШС-ның К. және К. жұмыскерлерімен сағат 04-20 шамасында болған ауыр нәтижедегі топтық жазатайым оқиғаға арнайы тергеу жүргізді.
Комиссия К. және К-мен болған топтық жазатайым оқиға өндірістік цехта орын алғанын, жүк механизмінің торына жүк тиелген кезде платформа төменге құлағаны анықтады.
Тергеу нәтижелері бойынша бұл жазатайым оқиға қызметкердің еңбек қызметіне байланысты топтық жазатайым оқиға ретінде анықталды.
- 2025 жылғы 20 тамыздан 2025 жылғы 02 қыркүйекгіне дейінгі кезеңде Алматы қаласы еңбек инспекциясы комитетінің департаменті басшысының бұйрығымен құрылған комиссия 2025 жылғы 12 тамызында Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ «Медициналық жедел жәрдем қызметі» КМК жұмысшы сағат 00-05 шамасында ауыр нәтижедегі жазатайым оқиғаға арнайы тергеу жүргізді.
Комиссия С-мен Комиссия С. - мен жазатайым оқиға жол-көлік оқиғасы нәтижесінде болғанын анықтады.
Тергеу нәтижелері бойынша бұл жазатайым оқиға қызметкердің еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға ретінде анықталды.