Жүргізілген арнайы тергеп-тексерулер бойынша ақпарат

Жүргізілген арнайы тергеп-тексерулер бойынша ақпарат
  1. ҚР Еңбек министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті Алматы қаласы бойынша Департамент басшысының бұйрығымен тағайындалған комиссия 2025 жылғы 21 шілде мен 01 тамыз аралығында 2025 жылғы 11 шілдеде «МАА» АҚ-ң жұмыскері Т.А.Н.-мен орын алған ауыр жазатайым оқиға бойынша тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізді.

Жазатайым оқиға конвейерлік лентаны техникалық қызмет көрсету кезінде болғаны анықталды. Жазатайым оқиғаның түрі – қозғалып жүрген, ұшып жүрген, айналмалы заттар мен бөлшектердің әсері.

Жазатайым оқиғаның себебі зардап шегушінің өрескел абайсыздығы және жұмыстарды ұйымдастырудың қанағаттанарлықсыз деңгейі болып анықталды.

Тергеп-тексеру нәтижесі бойынша жазатайым оқиға қызметкердің еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға ретінде анықталды.

 

  1. ҚР Еңбек министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті Алматы қаласы бойынша Департамент басшысының бұйрығымен тағайындалған комиссия 2025 жылғы 26 қыркүйек пен 09 қазан аралығында 2025 жылғы 13 қыркүйекте сағат 00-05 минут шамасында «МАА» АҚ-ң жұмыскері Ж.О.М.-мен орын алған ауыр жазатайым оқиға бойынша тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізді.

Жазатайым оқиға Т2 терминалының халықаралық келу аймағы алдындағы перрон аумағында қозғалу кезінде орын алғаны анықталды. Жазатайым оқиғаның түрі – зардап шегушінің құлауы.

Жазатайым оқиғаның себебі жұмыскердің абайсыздығы екені анықталды. Тергеп-тексеру нәтижесі бойынша жазатайым оқиға қызметкердің еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға ретінде анықталды.