Жүргізілген арнайы тергеп-тексерулер бойынша ақпарат

Жүргізілген арнайы тергеп-тексерулер бойынша ақпарат
  1. ҚР Еңбек министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті Алматы қаласы бойынша Департамент басшысының бұйрығымен тағайындалған комиссия 2025 жылғы 18 қарашасы мен 28 аралығында 2025 жылғы 7 қарашада сағат 06-15 минут шамасында "АлТС" ЖШС-ң жұмыскері Ф.Л.Н.-мен орын алған ауыр жазатайым оқиға бойынша тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізді.Жазатайым оқиға қызметтік кабинеттің еденін жуу кезінде ылғал еденге құлау салдарынан болғаны анықталды. Жазатайым оқиғаның түрі –құлау.Жазатайым оқиғаның себебі жұмыскердің абайсыздығы болып анықталды. Тергеп-тексеру нәтижесі бойынша жазатайым оқиға қызметкердің еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға ретінде анықталды.

 

  1. 2. ҚР Еңбек министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті Алматы қаласы бойынша Департамент басшысының бұйрығымен тағайындалған комиссия 2025 жылғы 21 қараша мен 05 желтоқсан аралығында 2025 жылғы 7 қарашада сағат 13-00 минут шамасында ШЖҚ "А-Т" МҚК-ң жұмыскері С.Ж.Г.-мен орын алған ауыр жазатайым оқиға бойынша тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізді.

Жазатайым оқиға автомашинаның бортын өзіне қарай қатты тартып шешу кезінде, борттың жардап шегушінің басына тиіп шекесінің қатты зақымдалуы нәтижесінде орын алғаны анықталды. Жазатайым оқиғаның түрі – заттың құлауы.

Жазатайым оқиғаның себебі жұмысберуші тарапынан техника қауіпсіздігі және еңбек қорғау ережелерінің талабтарын сақтамау болып анықталды. Тергеп-тексеру нәтижесі бойынша жазатайым оқиға қызметкердің еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға ретінде анықталды.

 

  1. ҚР Еңбек министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті Алматы қаласы бойынша Департамент басшысының бұйрығымен тағайындалған комиссия 2025 жылғы 1 желтоқсан мен 12 желтоқсан аралығында 2025 жылғы 3 қарашада сағат 13-30 минут шамасында "V-S" ЖШС-ң жұмыскері Т.А.К.-мен орын алған ауыр жазатайым оқиға бойынша тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізді.

Жазатайым оқиға ашық тұрған жүк таситын шахтаға құлау нәтижесінде орын алғаны анықталды. Жазатайым оқиғаның түрі – биіктен құлау.

Жазатайым оқиғаның себептері бас мердігерлік ұйымның жұмыс өндірушісі тарапынан жұмыстарды жүргізуді қанағаттанарлықсыз ұйымдастыру атап айтқанда, объект қызметкерлерінің қауіпсіз жүріп-тұруы мақсатында жүк көтергіш шахтасының қабырғаларын қалау бойынша жұмыстар жүргізілетін жерде уақытша қорғаныс қоршауларын орнату жөнінде шаралар қабылданбаған  (сигналдық қоршау болмаған). Зардап шеккен қызметкердің абайсыздығы - салынып жатқан ғимараттың аумағында жеке абайсыздықты сақтамағандығы.

 Тергеп-тексеру нәтижесі бойынша жазатайым оқиға қызметкердің еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға ретінде анықталды

 

  1. ҚР Еңбек министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті Алматы қаласы бойынша Департамент басшысының бұйрығымен тағайындалған комиссия 2025 жылғы 05 желтоқсан мен 17 желтоқсан аралығында 2025 жылғы 3 желтоқсанда 00 сағат 30 минут шамасында ШЖҚ "ЖЖКҚ" МҚК-ң жұмыскерлері Д.Н.М. және Б.А.Н.-мен орын алған топтық жазатайым оқиғаға бойынша арнайы тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізді.

Топтық жазатайым оқиға жұмыс берушінің көлігімен жол-көлік оқиғасына ұшырауы нәтижесінде орын алғаны анықталды.  Жазатайым оқиғаның түрі – жол-көлік оқиғасы.

Жазатайым оқиғаның себебі: жол жүру ережелерінің бұзушылықтан болған. Тергеп-тексеру нәтижесі бойынша топтық жазатайым оқиға қызметкерлердің еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға ретінде анықталды.